Департамент басшысы Е. С. Ниетқабылов апта сайынғы жұмыс кеңесін өткізді.

Департамент басшысы Е. С. Ниетқабылов апта сайынғы жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ағымдағы жұмыс мәселелері, сондай-ақ азаматтардың хабардарлығын арттыру және еңбек қатынастары мен еңбек заңнамасы саласындағы өзекті мәселелерді жедел жариялау мақсатында әлеуметтік желілерді дамыту және жүргізу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, ұжыммен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік органның беделіне кері әсер етуі мүмкін әрекеттер мен жарияланымдарға жол бермеу мәселелері бойынша әңгімелесу жүргізілді.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, қарапайымдылық пен ұстамдылық танытуға, қоғамдық моральға қол сұғумен байланысты қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеуге міндетті.