«Жас Ұрпақ» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне қаржылық қауіпсіздік және заңның сақталуы туралы айтылды.

«Жас Ұрпақ» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне қаржылық қауіпсіздік және заңның сақталуы туралы айтылды.

«Заң мен тәртіп» бастамасы мен «Тұра жол» жобасын ілгерілету шеңберінде «Жас Ұрпақ» Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Павлодар облысы бойынша ЭТТД өкілі, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» психологы, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеологиясының елшісі қатысты. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан толық жауаптар алды.

Спикерлер қатысушылармен заңнаманы сақтау, қаржылық қауіпсіздік, сондай-ақ психологиялық тұрақтылық және жауапты мінез-құлық мәселелерін талқылады.