Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдігінің қызметкерлері адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған онлайн-тренингке қатысты.
Тренинг барысында қатысушыларға адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер таныстырылып, олардың іс жүзінде қолданылу ерекшеліктері түсіндірілді.
Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, тиісті түсіндірмелер алды және осы саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.